Шетелдік сарапшылар: Қазақстанда ауқымды демократиялық реформалар жүзеге асып жатыр
Ал шетелдік сарапшылар цифрлық заманда Қазақстан үшін өз орнын айқындап алу – заман талабы, дейді. Сондай-ақ жүргізіліп жатқан реформалар арқылы Қазақстан көршілес мемлекеттерді де осындай қадамға ынталандырып отырғанын айтады.
Ризван Гусейнов, Әзербайжан ұлттық ғылым академиясы құқық және адам құқықтары институтының аға ғылыми қызметкері:
Бүгінде, виртуалды шындық қалыптасып жатқан тұста, Қазақстан үшін сол әлемде өз орнын айқындап алу өте маңызды. Өйткені барлығы бір-бірін сол база арқылы таниды, сол жерде қарым-қатынас жасайды. Сондықтан, Қазақстанның тарихы және мәдениеті туралы имидж қалыптастыру – стратегиялық тұрғыдан маңызды мақсат.
Джонни Меликян, Армения Республикасы Премьер-министрінің аппараты жанындағы Қоғамдық байланыстар және ақпарат орталығы департаментінің басшысы:
Қазақстан өзін көптеген ел үшін сенімді серіктес ретінде көрсете білді. Шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасап отыр. Көрсеткіштерге сенсек, батыс елдері Қазақстан арқылы өзге нарықтарға шығуға мүмкіндік алуда. Бұдан бөлек, жүргізіліп жатқан реформалар арқылы, меніңше, Қазақстан көршілес мемлекеттерді эволюциялық даму, жаңғырту және реформалау жолына түсуге ынталандырып отыр.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06