Халық пікірі: Ұлттық құрылтай – маңызды шешімдер алаңы
Қызылорда қаласында өткен 5-ші Ұлттық құрылтайда қоғамды толғандырып жүрген өзекті тақырыптар талқыланып, ел болашағына қатысты маңызды мәселелер көтерілді. Алқалы жиында саяси реформаларды жүзеге асыру, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, ұлттық бірегейлікті нығайту және жастардың әлеуетін арттыру мәселелері ортаға салынды. Елімізде болып жатқан жаңашылдықтардан халық не күтеді? Көпшілік пікіріне назар салайық.
Сауалнама:
- Ұлттық Құрылтай – бұл қоғам мен мемлекет арасындағы үлкен алаң деп айтамыз. Жастардың ЖОО қабырғасында жүрген сәтінің өзінде ғылыммен айналысуына, инновациямен айналысуына, ғылыми-техникалық қызығушылықтарын арттыруға басым көңіл бөлуі біз үшін үлкен мүмкіндіктерге жол берілді.- Бұл жерде халыққа үлкен түйткілді мәселелер ұсынылды. Президентіміз бірнеше приоритеттік жобаларға көңіл аударып, халыққа түсіндіру жұмыстарын айтып кетті. Жаңа жылда жаңа бастамамен еліміздің көркеюіне серпінді ықпал береді деп мен ойлаймын.- Маңызды орын алатын мәдени ошақтар, театрлардың қайта жандануы, қайта реставрациядан өтуі де кеңінен сөз болды. Оның ішінде Алматы, Шымкент қаласындағы және өзіміздің өңіріміз Ақтөбе қаласындағы драма театрының қайта жасақталуы және ғимаратының жаңғыртылуы театр сүйер қауым үшін өте тамаша жаңалық болды деп ойлаймын.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06