Абай облысы жедел жәрдем көліктерімен толықты
Абай облысында жедел жәрдем қызметіне биыл күзге дейін 100 жаңа көлік алынады. Олардың алғашқы легін бүгін облыс әкімі салтанатты түрде табыстады. Жаңа үлгідегі арнайы техникалар заманауи медициналық құралдармен, GPS-навигациямен жабдықталған. Науқастарды жайлы тасымалдауға, реанимациялық көмек көрсетуге өте қолайлы. Жалпы өңірде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Өткен жылы 60-тан астам медициналық нысан салынған.
Владимир Ли, облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері:
Автокөлік паркін жаңарту алдын ала жоспарланған ауқымды жұмыс. Себебі бюджеттік талаптарға сәйкес, 2020 жылы алынған көліктеріміз бүгінде ескірді. Сондықтан біздің облыстық жедел жәрдем станциясына биыл 60 көлік алынады деп жоспарланып отыр. Бүгінгі беріліп отырған көліктер әлемдік стандарттарға сай келеді.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02