Бельгияда ұстаздар қауымы жаппай шеруге шықты
Бельгияда ұстаздар қауымы жаппай шеруге шықты. Олар Валлония-Брюссель аймағы білім министрлігінің 2026-2029-жылдарға арналған бюджетіндегі қатаң үнемдеу шараларына қарсы. Мұғалімдер биліктен жалақыны көбейтіп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етті.
«Биліктің реформасы бізді құрдымға жіберді»деп ұрандатқан ұстаздар қауымының ашуы қатты. Елдің түкпір-түкпірінен Брюссельдегі шеруге бірі баласын арқалап, енді бірі жетектеп жеткен. «Елдің болашағы-балалардан, ұрпақтың білімінен ақша үнемдеу жақсылыққа апармайды»дейді бәрі.
Кристоф Боку, кәсіподақ ұйымының вице-президенті:
Жаңа жарлыққа сәйкес, 12 жасқа толмаған балаларға арнаған өнер академиясында балғындар бұдан былай тегін оқи алмайды. Тұрмысы төмен отбасылардың балаларына тамаққа бөлінетін ақша да қысқармақ енді. Бұл сұмдық.Алин Де Лир, тарих пәнінің мұғалімі:
Валлония-Брюссель федерациясы үкіметі ұстаздардың статусын түсіріп, еңбегімізді құнсыздандырып жіберді. Жалақымыз аз, жүктемеміз он пайызға көбейтілді. Бұдан кейін жастар мұғалім болғысы келмейді.Валлония-Брюссель федерациясы үкіметі алдағы үш жылда білім саласына бюджетті қысқарту арқылы 300 млн еуро үнемдемек. Тиісінше, жоғары оқу орындарында оқу ақысын 43 пайызға қымбаттатпақ. ЕуроОдақ елдерінен өзге мемлекеттердің студенттеріне оқу бағасы тіпті көтеріледі. Салдарынан білім алу қолжетімсіз болып, әлеуметтік теңсіздік күшейеді, дейді ұстаздар мен студенттер.
Лили Экнэр, студент:
Қазір мен 800 еуро төлеймін жылына. Енді оқу ақысы 1200 еуроға қымбаттайды. Осының өзін бірнеше жерде жұмыс істеп, әрең төлеп жүр едім. Енді оқуды тастауға тура келетін шығар. Үкімет жастардың болашағына балта шауып отыр.Шерушілер биліктегілерден байларға салықты көбейту арқылы бюджет шығынан өндіруді талап етті.
Бельгияда ұстаздардың жаппай шеруі соңғы рет 1999-жылы болған екен. Ол кезде 44 мың адам қатысқан. Ал, бұл жолғы ереуілге 55 мың адам қатысуда. «Егер, үкімет жанайқайымызға құлақ түрмесе, жұмысты тоқтатып, ереуілді мұнан сайын күшейтеміз»,-дейді ұстаздар қауымы.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15