Өзбекстан санағында киберқауіпсіздікке мән берілді
Өзбекстанда өтіп жатқан халық санағы барысында киберқауіпсіздік шарасы қабылданды. Бұл – деректердің құпия сақталуын қамтамасыз етеді, - дейді мамандар.
Яғни олар салық немесе құқық қорғау органдарына берілмейді. Сондай ақ алаяқтардың қолына түспейді. Шенеуніктер осылай деп сендіргенімен, кей өңірлерде науқан баяу жүріп жатыр. Бұған алаңдаған билік тұрғындарды санаққа белсенді қатысуға шақырып отыр. Қаңтардың ортасында басталған халық санағы 45 күнге созылады. Алғашқы екі аптада азаматтар арнайы портал арқылы форманы онлайн толтыра алады. Ал ақпан айынан бастап санақшылар үй-үйді аралап, онлайн өтпеген тұрғындарға сауалнама жүргізеді.
Шахзод Алижонов Ұлттық статистика комитеті баспасөз қызметінің өкілі:
Өзбекстанда мұндай ауқымды санақ соңғы 37 жылдан бері енді өткізіліп жатыр. Жеке деректен бөлек, тұрғын үй қоры жайлы мәлімет толық берілуі керек. Анкета сұрақтары БҰҰ мен өзге де халықаралық ұйым сарапшыларының қатысуымен жасақталған. Осы деректер негізінде келешекте тұрғын үй саясаты, инфрақұрылымды дамыту бағытындағы маңызды шаралар қабылданады.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17