Еуропада жедел-жәрдем шақыру қымбат
Еуропада қан қысымыңыз көтеріліп, дене қызуыңыз 40-тан асса да, жедел-жәрдем күтпеңіз. Келмейді. Себебі мұндай жеңіл-желпі аурудан гөрі бригада өртке оранып, жол апатына ұшырағандарға, аса ауыр халдегілерді құтқаруға асығады. Оның өзі тегін емес, ақылы. Тіпті «тым қымбат» деп шағымданады бельгиялықтар. Мәселен, мұнда фельдшерді шақыру – 40 еуро, үйіңізге дәрігер келсін десеңіз, 100 еуро, бізше 60 мың теңгедей төлеуіңіз қажет. Пәтеріңізден 5 шақырым жердегі ауруханаға жеткізгені үшін жедел жәрдемге кем дегенде тағы 100 еуро бересіз. Содан болар, үнемшіл бельгиялықтар жедел-жәрдем қызметіне жүгінбей, жандары қатты қиналып тұрса да ауруханаға өздері жетуге тырысады.
Мишель Фреминер, дәрігер:
Жедел жәрдем қызметіне қызуым көтеріліп, жүрегім айнып тұр деп, жай аурулармен мазалап, хабарласуға болмайды. Кезекшілер жол апатынан зардап шеккендер, басқа да қиын жағдайға душар болған науқастарға көңіл бөлуі тиіс. Оның үстіне жедел жәрдем шақыру үй мен аурухана қашықтығына байланысты есептеледі. 100 еуродан 500 еуро аралығында төлеу қажет болады. Одан да таксимен жеткен тиімдірек.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15