Университет оқытушыларының жеке виртуалды көмекшісі болады
Ақпан айынан бастап елдегі университет оқытушыларының жеке виртуалды көмекшісі болады. Профессорлар енді өздерінің негізгі міндеті оқу-ағарту ісімен айналысып, студенттерге көрнекі құралдар дайындау ісіне алаңдамайды. Лондонда өткен Дүниежүзілік білім технологиялары көрмесінде біздің оқытушылар ерекше жобаларын әлем назарына ұсынды.
ChatGPT education бағдарламасы әлемге әйгілі OpenAI технологиялық компаниясының
өнімі. 6 елде ғана пайдалануға рұқсат етілген жоба енді қазақстандық ұстаздарға
да қолжетімді болмақ. Жасанды интеллектінің көмегімен педагогтар сабақты оңай
жоспарлап, студенттердің үй жұмысын тез тексере алады.
Саясат Нұрбек, Ғылым және жоғары
білім министрі:
Өте керемет жоба. Болашақта білім жүйесінің, білім моделінің өзгеруіне апаратын жоба.
Қазақстандық павильон жұмысына 9 отандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдары қатысып, өздерінің академиялық бағдарламаларын және
ғылыми-зерттеу жобаларын ұсынды.
Ұлан Несіпқалиев, ШҚТУ проректоры:
Биылғы алып келіп отырғанымыз ол – жасанды интеллектіні транспортқа енгізу және қалай оны Қазақстанға енгізіп жатырмыз. Бізде пилотсыз жүретін көліктер бар.
Бүгінде
Қазақстанды халықаралық академиялық хабқа айналдыру жолында бірқатар жұмыс
атқарылды. Соңғы жылдары елімізде шетелдік университеттердің 33 филиалы жұмыс
істей бастады. Биыл тағы 7-еуі ашылмақ.
Филл Стивенс, Cardiff Kazakhstan университетінің провосты:
Алғашқы оқу жылымызда-ақ студенттер санының 316-ға жетуі зор жетістік деп ойлаймын. Салалық министрлік пен үкіметтің қолдауына көп рақмет.
40 жылдан астам тарихы бар көрмеде биыл жасанды интеллектіні оқу сыныбында
пайдалану, цифрлық қауіпсіздік пен этика мәселелері қозғалды. Бұдан бөлек
инклюзивті білім тақырыбы да назардан тыс қалмады.
Автор
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15