Еліміздегі әскери бөлімдер тексеріледі
Бас прокуратураның шұғыл тергеу тобы еліміздегі әскери бөлімдерді тексереді. Гарнизондардағы тәртіп пен жеке құрамның қауіпсіздік талаптары жіті қадағаланбақ. Жақында бас прокуратураның арнайы алқа отырысында сарбаздардың өмірі мен денсаулығы және қауіпсіздігіне қатысты мәселелер қарастырылады. Күні кеше Жамбыл облысында әскери қызметшінің қайтыс болу дерегі тіркелді. Бұл бойынша ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жедел-тергеу тобы құрылып, оқиғаның алдындағы мән-жайларды объективті және жан-жақты анықтау мақсатында Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және Әскери-тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына барды.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04