Марқұмның туыстары орган донорлығына келісім берді
Павлодарда қайтыс болған 40 жастағы әйелдің органдары ағза алмастыруды жылдар бойы күткен екі адамға салынды. Донорлыққа марқұмның туыстары келісім берген. Трансплантация жасау үшін Павлодарда тіндік және қан тобының сәйкестігі алдын-ала тексеріліп, екі адамға бірден операция жасалды. Себебі адамның бауыры небәры 8 сағатқа, ал бүйрек 12 сағатқа дейін ғана табиғи қалпын сақтап тұра алады. Жалпы, өңірде 213 пациент ағза ауыстыру үшін кезекте тұр.
Дмитрий Потеребух, Павлодар облысы бойынша трансплантация жөніндегі
үйлестіруші:
Жүрек, бауыр, екі бүйрегі және көз ұяшықтары алынды. Олар ұзақ уақыт бойы күту тізімінде тұрған адамдарға салынады. Қазір екі реципиентке операция жасалды. Нәтижесі кешкі уақытта белгілі болады. Донордан алынған орган арқылы басқа адамдар гемодиализге немесе басқа да медициналық препараттарға тәуелді болмай өмір сүре алады.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28