ЖИ саласына салынған венчурлық инвестиция өлемі $73 млн жетті
Қазақстанда жасанды интеллект жобаларына салынған венчурлық инвестициялар көлемі бес есе өсіп, 73 млн долларға жетті. Мұндай деректер жасанды интеллект нарығына қатысты алғашқы кешенді шолу кезінде айтылды. Бұл есеп елдің саладағы экожүйесінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларына арналған. Іс-шара, сондай-ақ мемлекет, бизнес және сараптамалық қауымдастық өкілдері арасындағы кәсіби диалогқа негіз болды.
Дмитрий Мун, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі:
Қазақстан жасанды интеллектіні енгізуге дайындық деңгейі бойынша әлемдік рейтингте 58-орында тұр. Бұл тек бастамасы. Осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылды. Жасанды интеллект туралы заң әзірленіп, қабылданды. Мемлекет басшысы қол қойған Цифрлық кодекс аясында деректерді басқаруға қатысты көптеген талаптар енгізілді. Себебі деректер – ЖИ-дің негізгі іргетасы. Сондай-ақ, стартаптар нарығының дамуына үлкен қолдау көрсетіліп келеді.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02