Конституциялық реформа – ел дамуының жаңа кезеңі
Бүгін Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтеді. Бұған дейінгі отырыстарда, елдің басты құжатының жекелеген нормалары, баптары мен бөлімдерін жан-жақты талқыланып, ұсыныстар ортаға салынды. Бұл реформа мемлекеттік басқару жүйесін нығайтып, Парламенттің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған дейді ғалымдар. Олардың пікірінше, Конституциялық реформа саяси тұрақтылық пен экономикалық жаңғыруды ұштастыра отырып, қоғамды біріктіруге бағытталған маңызды қадам.
Алуа Ибраева, заң ғылымдарының докторы, Әл-Фараби
атындағы ҚАЗҰУ профессоры:
Парламент бүкіл қоғам атынан сөйлейді. Сондықтан Парламентке артылар үміт көп. Парламенттің негізі мықты заң болу керек және қоғамды біріктіруі керек. Қоғам да белсенді болуы керек. Мысалы, саяси парталар мықты болуы керек. Сол мықтылығы қазіргі Конституциялық реформаларда айтылып отыр.
Оңалбек Абралиев, экономика ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ профессоры:
Еліміз жылына 20 млн-нан астам астық өндіреді. Халқымыз 20 млн 500 мыңға таяды. Бір адамға шаққанда 1 тоннадан астам астық өндіреміз. Осы астықты болсын, басқа да шикізаттарды өндіруге көшуіміз керек. Экспортқа қарай бағыттауымыз керек. Біздің онда мол мүмкіндіктеріміз бар.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03