Өзен-көлдердегі мұз астына оттегі жіберіліп жатыр
Ақтөбе облысында өзен-көлдердегі мұз астына оттегі жіберіліп жатыр. Бұл судағы тіршілік иелері үшін өте маңызды. Өйткені, мұз қатып, қардың қалың түсуінен балықтарға жарық пен ауа бармай, қырылып қалуы мүмкін. Кезекті аэрациялық шараға әріптесім Жақсыбек Кемал да қатысып келді.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Алдымен ихтиологтар балық көп шоғырланған аумақтарды анықтайды және мұздың қалыңдығы мен судағы ауа мөлшері өлшенеді. Одан кейін осылай ойықтар жасалып, қамыс салынады. Ол суға ауаның жеткілікті мөлшерде баруы үшін аса қажет.
Бір жыл бұрын Ырғыз ауданындағы көлдердің бірінде балық қырылған еді.
Тұрғындардың айтуынша, ол кезде мұз астына ауа жіберілмеген. Биыл мұндай жағдайға жол бермеу үшін аэрациялық
жұмыстар өңірдегі барлық су айдынында жүріп жатыр. Шараға экология мамандығында
оқитын студенттер де келді.
Рахат Бекмырзаев, студент:
Мұздың қатты қатуына байланысты балықтар ауа болмағандықтан мұзды ойып, қамыс салу арқылы ауа жеткізу мақсатында жұмыс жүргізіп жатыр. Болашақ эколог болғасын бізге осындай жұмыстарды көрсетіп жатыр.
Облыс аумағында ірілі-ұсақты 500-ге жуық көл мен ұзындығы 200 шақырымнан асатын
8 өзен бар. Олардағы мұздың қалыңдығы әрқилы. Мәселен, Сазды өзенінде 50-60 см
шамасында. Мамандар оттегі жетіспейтін аумақтарды арнайы құрылғылар арқылы
анықтайды.
Әділбек Сұлтанов,
облыстық балық гаруашылығы инспекциясының бас маманы:
Судың тереңдігін аксиметр арқылы, оттегінің мөлшерін есептейді. Судағы оттегі мөлшері төмен болған жағдайда осындай іс-шаралар жүргізілетін болады. Суда қандай балық бар, оның түріне қарамай, солардың бәріне оттегі жетіспеген жағдайда қырылу қаупі болады.
Балық шаруашылығы инспекциясы мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі
мекемесінің өкілдері аз уақыт ішінде ондаған ойық жасап, суға оттегі жіберді.
Бұл жұмыстар өзге де су айдындарында жалғасады.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16