Оралдық оқушылар жер астынан жәдігер табатын құрал ойлап тапты
Оралда археологиялық жәдігерді табуға көмектесетін құрал ойлап тапқан оқушылар аймақтық робототехника сайысында бас жүлдені жеңіп алды. Қазір олар Орталық Азия елдері арасында өтетін чемпионатқа дайындалып жатыр.
Оқушылар сарайындағы роботетехника үйірмесіне қатысатын мектеп шәкірттері
бірнеше ғылыми жоба жасап шығарған. Солардың бірі - жер астында жатқан
жәдігерді іздеп табуға жәрдемдесетін көмекші робот. Биылдан бастап
археологтарға қазба жұмысы кезінде ауыр техниканы қолдануға тыйым салынған.
Сондықтан бұл жоба мамандарға таптырмас құрал болмақ.
Мәриям Қалиева, оқушы:
Ол жерде жүреді тарақан сияқты. Астына ультразвукпен дыбыс береді. Сонда артефактың қай жерде тұрғанын көрсетеді. Ол компьютерге ЖИ арқылы сигнал береді. Осы Экофайндер жобасы арқылы біз «Batys First Championship»-та чемпион атандық.
Оқушылар сарайында 15 робототехника үйірмесі бар. Оған 400-ден астам оқушы қатысып,
ғылыми, ай-ти, стартап жобалармен айналысады. Дені жасанды интеллекке
негізделген. Авторлық патент алғандары да бар. Оқушылар республикалық,
халықаралық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орын алып жүр.
Нұрбол Қырықбаев, Оқушылар сарайы
робототехника бөлімінің басшысы:
Бұл олимпиаданың жылдан жылға тақырыбы өзгеріп отырады. Былтыр су тасқыны болса, одан кейін электр энергетика болды. Ал биылғы тақырып – археология. Яғни балалар тек робот құрастырып, бағдарлама жазбайды, әртүрлі тақырыпты меңгереді. Біздің оқушылар Орталық Азия чемпионатына жолдама алған болатын. Ол ақпанның 10-13-і аралығында Астанада өтеді.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06