Конституциялық реформа – жаңару жолындағы маңызды қадам
Конституциялық реформаның түпкі мәні – құқықтық сабақтастықты сақтай отырып, қоғамның жаңа талаптарына жауап беретін орнықты әрі өміршең жүйе қалыптастыру.
Тұрақтылық пен жаңару өзара үйлесім тапқанда, мемлекет дамуының берік құқықтық негізі қаланады. Алматылық ғалымдар осындай пікірде. Айтуларынша, Конституциялық реформа – елдің жаңару жолындағы, әділдік пен құқық үстемдігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Жанар Кегембаева, заң ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры:
Негізінде Конституция өзі бір қалыптасып, солай бекітіліп қалған заң емес. Қоғам дамуына сәйкес, қоғам сұранысына сәйкес ол дамуы керек. Осындай реформалар олар түбегейлі түрде біздің басқару жүйемізді, қоғаммен байланысты – соның бәрін өзгертеді.
Гауһар Қайранбаева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы:
Конституциялық реформалар бойынша кеңестің отырыстары ол институционалдық шешім қабылдаудың еліміздегі маңызды кезеңі. Конституциялық реформа әр салада Қазақстан азаматтарының өзінің ойын білдіріп, қазіргі таңда туындап отырған мәселелерін талқылап, дұрыс шешім қабылданатынына сенімділігін білдіреді деп айта аламын.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28