Таң атқанша жұмыс істейтін кітапхана саны артады
Сұранысқа қарай, енді келесі айдан бастап Алматы қаласындағы тағы екі кітапхана тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшеді.
Қала әкімдігі осылай деп отыр. Алып шаһарда бүгінде 3 кітапхана тәулік бойы жұмыс істейді. Жалпы, 31 орталықтандырылған кітапхана бар. Ал тұрақты оқырман саны 300 мыңнан асса, кітап қоры 1 млн 370 мың данаға жеткен. Сондай-ақ қаладағы сауда орталықтарында, метро станцияларында, мектептер мен коворкингтерде 32 өзіне-өзі қызмет көрсету кітапханасы бар. Аталған нүктелерді шамамен 300 адам тұрақтыпайдаланып, ай сайын 500-ден астам кітап оқырман қолына беріледі.
Бану Дәулетбаева, Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының жетекшісі:
Кітапханаға оқырман көбінесе кептелістің кезінде келіп отырады. Енді бес кітапхана жұмыс істейтін болса, ол қаланың әр тұсында болады да, уақытын тиімді пайдалану үшін өзінің үйіне жақын жерде де алыс кітапхана баруға мәжбүр болмайды.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03