Сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі төмендеді
Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік артып келеді. «Қоғамдық пікір» институты жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижесі, жемқорлықты қабылдау деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 32,9%-дан 31,9%-ға дейін төмендегенін көрсеткен. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде өткен жиында айтылды. «Адалдық идеологиясын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілетудің жаңа тәсілдері» атты іс-шараның алғашқы отырысында тараптар ашық пікір білдіріп, нақты ұсыныстарын ортаға салды. Жемқорлықсыз қоғам құру - мектеп ортасынан басталып, отбасында да дәріптелуі керек дейді жиынға қатысушылар.
Дархан Жазықбай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
Мемлекеттік қызмет істер агенттігі қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру керек, ағартушылық жұмыстармен айналысуы керек деп біздің алдымызға негізгі мақсаттар қойылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес деген бұл тек қана мемлекеттік қызметшілерге қатысты емес. Мемлекеттік қызметшілер де бұл қоғамның өкілі. Бұл - әр Қазақстан азаматының қатысы бар, сондықтан біз бұл бағытта тек бір жолда емес, жан-жақты, әр сала бойынша жұмыстар жүргізуіміз керек.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 20:01
Алматыда емхананы ауыстыру талаптары жеңілдетілді
15.09.2026, 19:53