«Jibek Joly» туристік пойызының бағыты кеңейеді
Қазақстан мен Өзбекстан арасында қатынайтын «Jibek joly» туристік пойызының бағыты кеңейеді. Наурыз айынан бастап бұл бағытқа Тәжікстан да қосылатын болды. Саяхатшылар Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Алматы – Түркістан – Самарқанд – Душанбе – Ташкент шахарларын аралайды. Тур пакетіне кәсіби гидтермен экскурсиялық бағдарлама, тарихи орындарға кіру билеттері және тасымал кіреді. Бұл жобаның маңызы ерекше, себебі Наурыз мерекесі мен қасиетті Ораза айт мейрамына тұспа тұс келеді. Пойызбен саяхатқа шығушылар Орталық Азия халықтарының мерекелік дәстүрлерімен, ұлттық әдет-ғұрпымен және мәдениетімен танысуға мүмкіндік алады.
Тимур Мирзоев, туризм сарапшысы:
Бір елге саяхаттаған кез келген турист әлбетте, көрші елге де барғысы келеді. Бір сапарда бірнеше мемлекетті аралып көрген адам қаражат жағынан да, уақыттан да ұтары анық. Осы мақсатта қолға алынған «Аралас саяхат» жобасы соңғы кезде жақсы дамып келеді.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27