Шымкенттегі 83 мектептен сыбайлас-жемқорлық анықталған
Шымкентте 1286 мұғалімге белгіленген нормадан бірнеше есе артық сағат берілгені анықталды. Тексеру барысында кей педагогтердің апталық жүктемесі 16 сағаттың орнына 60-70 сағатқа дейін жеткен. Мұндай заңбұзушылық мегаполистегі 83 мектепте тіркелген. Білім саласындағы былық мұнымен шектелмеді. Жалақысы төмен қызметкерлерге төленуі тиіс үстеме ақы тәртібі бұзылып, 2845 адамға негізсіз төлем жасалған. Соның салдарынан мемлекетке 700 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.
Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары:
Мәселен бір мекемелерде 1 қызметкер оқу жөніндегі орынбасар болған штаттық бірлікте және сонымен қатар сол мекемеде тәрбие жөніндегі орынбасардың 1 штаттық бірлігін алып отырған. Бұның барлығын бюджетке қайтару бойынша әрине құзырлы органдарға жолданды. Ол кісілер өз міндеттерін атқара жатар.
Мұғалімдерге артық сағат беру салдарынан мектептерде бос жұмыс орындары жасырылып келген. Тексеру нәтижесінде білім саласында 2063 бос жұмыс орны бары анықталып, аталған лауазымдарға конкурс жарияланды.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16