Ресейде мұнай өндіру рекордық деңгейде төмендеді
Ресейде мұнай өндіру 1,5 жылдың ішінде рекордтық деңгейге төмендеді. АҚШ санкциялары мен инфрақұрылымдарға шабуылдардың салдарынан өткен айда күніне орта есеппен 9 миллион баррель қара алтын өндірілді. Өткен жылдың желтоқсанында Itals маркалы мұнай бағасы да барреліне 39 доллардан ғана сатылған. Бастапқы жоспарланған құны 60 доллар. Бұл пандемиядан кейінгі ең төменгі көрсеткіш. Газ экспорты да былтыр 200 миллиард текше метрге дейін төмендеді. 2023 жылы бұл көрсеткіш 230 миллиард текше метрден асқан. Ресейдің мұнай секторынан түсетін табыстың қысқаруы ел экономикасына үлкен салмақ салуы ықтимал. Мамандар инфляция мен жұмыссыздық тағы артатынын айтады.
Станислав Свириденко, сарапшы:
Соңғы айларда банкротқа ұшыраған кәсіпорындардың саны артты. Сонымен қатар тұрғындардың арасында несие алып, төлей алмай жүргендер көп. Банктің алдындағы берешек 2 триллион рубльден асып кеткен. Сондықтан экономикаға оңай соқпайтыны анық.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17