Конституциялық комиссия Ата заңның жаңа жобасын таныстырды
Конституциялық комиссия Ата заңның жаңа жобасын таныстырды. Оны дайындау кезінде соңғы 6 айда келіп түскен азаматтардың, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар мен сарапшылардың ұсыныстары, сондай-ақ Комиссия мүшелерінің пікірлері, ескертулері мен ұсынымдары ескерілді. Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, жаңа құжат кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады. Сонымен бірге «Конституциялық құрылыстың негіздері» атты бірінші бөлімде мемлекеттің ұйымдастырылуын айқындайтын, егемендігі мен дербестігін нығайтатын іргелі ережелер қарастырылды. Оларға сәйкес «Қазақстан – унитарлы мемлекет. Басқару нысаны – президенттік республика» деп тұжырымдалды.
Бақыт Нұрмұханов, Конституциялық Сот төрағасының
орынбасары:
Конституцияның Преамбуласы толығымен жаңарды. Онда еліміздің өткенін дәріптейтін, бүгіні мен болашағына бағдар болатын жалпыұлттық құндылықтар көрініс тапты. Олар жайлы үлкен талқылаулар өтті және көпшілік тарапынан қолдау тапты. Жобада Қазақстан Республикасы қызметінің жаңа негіз құраушы қағидаттары бекітілді. Мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде адам капиталын, білім мен ғылымды, инновацияны дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр.
Кеше Комиссия отырысында егемендік
халыққа тиесілі екенін конституциялық деңгейде бекіту туралы ұсыныс жасалған
болатын. Бұл идея құжат мәтінінде
көрініс тапты. 4-бапта «мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік
иесі – Қазақстан халқы», деп шегеленіп жазылды. Бұл мызғымас талап
Конституцияның алғашқы нормаларында бекітілді.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00