Сарапшы: Конституциялық реформа заң шығару үдерісін жеделдетеді
Биыл ел тағдырына тікелей әсер ететін, Қазақстанның ұзақ жылдарға арналған бағыт-бағдары айқындалатын жыл болады.
Конституциялық реформа жаңарып, халық пен билік арасындағы байланыс нығая түседі. Заң ғылымдарының докторы Еркін Дүйсенов осылай дейді. Профессордың сөзінше, бір палаталы Парламентке өту еліміз үшін маңызды заңнамалардың сапалы әрі жылдам қабылдануына жол ашады. Сондай-ақ бұл өзгеріс мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттырып, қоғамдағы сенімді күшейтуге септігін тигізеді.
Еркін Дүйсенов, заң ғылымдарының докторы, профессор:
Бір палаталы Парламент заңды жылдам әрі сапалы қабылдайды. Сондай-ақ мемлекет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді. Қазір елімізде Конституциялық реформа қарқынды жүріп жатыр. Онда арнайы комиссия құрылып, әлеуметтік, экономикалық мәселелер мен адам құқығы сынды маңызды өзгерістер қаралуда. Бұл шешімдер заң мен тәртіп қағидатын берік орнықтырып, демократияның нығаюына жол ашады.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02