Жалғызбасты қарттарға көмек көрсетілді
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында әлеуметтік маңызды шара ұйымдастырылды. Бастамаға ұйтқы болған Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы»-ның ұжымы. Экологиялық шараға қатысушы ерікті жастар мен жауапты мамандар Түркістан қаласының 89 жастағы тұрғыны, тыл ардагері Раиса Шакированың шаңырағына арнайы барды. Жалғызілікті қарияның үй шаруасына қолқабыс жасады. Жігіттер жағы ауладағы үйіліп қалған қарды тазалады. Ал қыздар жағы ауласын сыпырып, үйін жинастырып берді.
Нариман Мархабаев, Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:
Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты - «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында қарт кісі, тыл ардагерлері, ата-апаларымыздың үй жағдайын тазалап, оларға қолдау көрсету. Алдағы уақытта осы іс-шаралар жыл бойына бізде жалғасын табатын болады.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17