Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық етуде
Биыл Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық етуде. Алғашқы отырыс Мәскеудегі одақтың штаб-пәтерінде өтті. Басым бағыттар қатарында транзиттік тасымалдарды жеңілдету бар. Жүк қозғалысына электронды бақылау жүйесін енгізу, кедендік баждарды төлеудің ортақ тәртібін қалыптастыру жоспарланып отыр. «Кедергісіз» транзит бағыты бойынша навигациялық пломбаларды кең көлемде қолданып, бірыңғай транзиттік декларацияны енгізу көзделуде. Аталған шаралар тасымалдың жылдамдығы мен құнына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар, шекаралардан өту үдерісін жеделдетіп, тексеру санын қысқартады. Сондай-ақ кооперациялық жобаларды дамытуға айрықша көңіл бөлінбек. Қазіргі уақытта Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Ресей компанияларының қатысуымен бес кооперациялық жоба мақұлданған.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі:
Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысына жасанды интеллектіні енгізу жұмыстың тиімділігін көтеруге тікелей әсер етеді. Екіншіден, өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешенінде цифрландыру жұмыстары. Үшіншіден, кедергісіз сауда жасау және біздің транзиттік логистикалық әлеуетімізді одан әрі арттыру.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02