Елена Рыбакина Australian Open турнирінің чемпионы атанды
Кеше Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» жарыстарының бірі – Australian Open турнирінің жеңімпазы болды.
Ол финалда әлемнің 1-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін чемпионы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесті.
Олар 2023 жылы да осы Аустралия біріншілігінде чемпиондыққа таласқан. Сол кезде Арина Еленаны жеңген. Бұл жолы алғашқы партияда Елена 6:4 есебімен жеңді, екінші партияда Арина – 6:4. Үшінші сетте Соболенко 3:0 есебімен алда тұрған. Бірақ Рыбакина бірінен соң бірі бес геймді алды. Ең соңында 6:4 қылды!
Елена Рыбакина екінші рет «Үлкен дулыға» турнирінің чемпионы атанды. Төрт жыл бұрын Уимблдонда үздік шыққан еді.
Ұйымдастырушылардың мәліметіне қарасақ, Australian Open-ның биылғы жүлде қоры жалғыз өзі ойнайтын теннисші үшін 4 миллион 150 мың австралия доллары, салық салынғанша. Австралияның 1 доллары АҚШ долларына шаққанда 70 центтей.
Автор
Жайна Сламбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17