Зеренді ауданының 13 ауылы сапалы ауыз сумен қамтылды
Ақмола облысының Зеренді ауданында қайтарылған активтер есебінен 12 ауылға ауыз су тартылды, тағы бір елді мекенде су құбырлары қайта жөндеуден өтті. Нәтижесінде алты мыңнан аса тұрғын сапалы тіршілік нәрімен қамтылды. Ал аудан орталығында бес қабатты үй пайдалануға беріліп, әлеуметтік осал топтың өкілдері көптен күткен баспанаға қол жеткізді.
Ауыз суды ауыл шетіндегі құдықтан тасып ішетін Көктерек ауылының тұрғындары су құбыры тартылғалы берекеміз кірді дейді.
Әлімжан Шуматов, Көктерек ауылының тұрғыны:
Биыл, міне, су тартты, әрбір үйдің қасына әкеліп суды берді. Су мәселесі жоқ. Бұрын немен әкелемін, немен барамын деп ойлайтынбыз. Су өзі тамаша ғой.Тіршілік нәрін бейберекет пайдалануға жол берілмеу жағы да ескерілген. Әрбір үйге есептеу құрылғылары орнатылған.
Сәбира Шуматова, Көктерек ауылының тұрғыны:
Су өткізгеніне өте-өте қуаныштымыз. Судың бары қандай жақсы. Су үйдің ішінде, бәрі жылы. Ауылда қыз-келіншектер кір машина алып, аристон алып жатыр. Қуанып жатырмыз.Жалпы, Зеренді ауданы бойынша былтыр 13 ауылға су тартылды. Оған қайтарылған активтер есебінен 11 миллиард теңге бөлінген. Ал ауыз су үздіксіз келу үшін Көктерек ауылына қосымша электр желісі тартылды.
Нұртас Әбуғалиев, Зеренді ауылдық округінің әкімі:
1 млрд 250 млн астам қаражат бөлінді. Одан қалды 5 шақырым жерден су құбыры қазылып, жаңа ВЛ линия ондық салынып отыр. Жарық сөнсе, екінші генератор қойылған. Халық риза, қуанып отыр.Ал Зеренді ауылында өткен жылдың соңында 75 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, әлеуметтік осал топтың өкілдері көптен күткен баспанаға қол жеткізді.
Арман Темірбеков, Зеренді ауылының тұрғыны:
Осы үйді алғалы қуанышымыз қойнымызға сыймай отыр. Кіргенімізге 3-4 күн болды. 15 жыл бойы пәтер жалдап жүрдік. 14 жыл кезекте тұрдық.Ауданда жол жөндеу жұмыстарына да үлкен мән берілген. Былтыр Зеренді ауылындағы 10 көшеге жаңадан асфальт төселді. Ал биыл халық көптен күткен Молодежный, Шағалалы, Ақан, Баратай және Ортақ ауылына кіре беріс жолдар жөнделмек.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16