«Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр
Ал Түркістан облысындағы стратегиялық маңызы бар «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің 9 млн текше метрі қазылып, 20 шақырымына рельсті шпал торы төселді. Маңызды нысанның құрылыс барысы облыстық әкімдікте өткен жиында талқыланды. Сала мамандарының мәліметінше, темір жол бойында көпірлер мен өткелдер салынып, су құбырларын жүргізіліп, жасанды құрылымдар монтаждалады. Бұл жұмыстарға 560-тан астам адам мен 400-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған. Аталған теміржол желісінің ұзындығы 172 шақырымды құрайды. Жыл соңына дейін жоба толықтай іске қосылады деп жоспарланған.
Марат Исқалиев «Қазақстан темір жолы» ҰҚ АҚ Құрылыс жөніндегі басқарушы директоры:
Бүгінде жер тегістеу жұмыстары 70 пайызға аяқталған. Тек Сырдария өзені жағалауындағы жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ темір жол бойына шағал төселіп, көпірлер салынуда. «Ердәуіт» стансасынан өзенге дейін 7 көпір салынды. Мемлекет басшысының темір жол желісінің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыстар қайта пысықталып, жеделдету жағы қарастырылуда.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03