Респонденттердің 78 пайызы Конституциялық реформаны қолдайды
Респонденттердің 78 пайызы жүргізіліп жатқан Конституциялық реформаны қолдайды. Бұл жақында «Қоғамдық пікір» институты өткізген сауалнаманың нәтижесінде белгілі болды. Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті отырысында, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов осылай деді. Оның дерегінше, респонденттердің басым бөлігі ұсынылып отырған өзгерістер олардың өміріне оң әсер етеді деп сенеді және Конституциядағы өзгерістерді жеке әл-ауқатының артуымен, өмір сапасының жақсаруымен тікелей байланыстырады.
Жандос Шаймарданов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры:
Сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі, яғни респонденттердің 78 пайызы Конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді. Қоғамдық пікірді зерттеу көрсеткендей, Конституциялық реформа – азаматтардың кеңінен талқылауға қатысуына және қоғамдық қолдауға сүйенеді.
Отырыста Конституциялық реформаның қоғам тарапынан қызу талқылап
жатқанына да айтылды. Белсенді азаматтардан, адвокаттар қауымдастығы мен
сарапшылардан түскен ұсыныстар 4 мыңнан асып кеткен. Комиссия келіп түскен
ұсыныстарды Конституцияның қоғамдық санадағы рөлін қайта пайымдау, заң
үстемділігі мен әділеттілік принциптерін нығайту, сондай-ақ мемлекеттің және
білім беру жүйесінің зайырлы сипатын Конституциялық деңгейде бекіту сынды 3
бағытқа бөліп қарастырып жатыр.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00