Жаңа Конституция – ұзақ талқылаудың нәтижесі
Конституциялық реформа революциялық емес, эволюциялық үрдіс. «Ауыл» партиясының өкілдері осылай дейді. Бүгін депутаттар кеңейтілген отырыс өткізіп, Ата заңның жаңа жобасын талқылады. Жиында ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұны, олардың ауылдық аймақтардың дамуына, аграрлық секторға, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне және әлеуметтік саясатқа ықпалы жан-жақты сараланатыны айтылды. Жаңа Конституцияда адам – ең жоғары құндылық ретінде айқындалды. Отбасы ұғымы, адами капитал, білім, ғылым мен инновация – барлығы елдің ұзақмерзімді дамуына бағытталған. Партия төрағасы Конституциялық реформа асығыс шешім емес, соңғы жылдардағы өзгерістердің нәтижесі, - дейді.
Серік Егізбаев, Мәжіліс депутаты:
Кейбірі пікір айтады: «Неге бір айдың ішінде, бір жұманың ішінде асығыс неге істеліп жатыр?» - дейді. Біздің оған нақты жауабымыз бар. Ол кеше басталған емес, бір жұма бұрын емес, 2022 жылы біз осы түбейлі Rонституциямызды өзгерте бастадық. Мынау революциялық емес, эволюциялық жолмен келе жатқан үрдіс.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00