Биыл ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл
Биыл ақиық ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың дүниеге келгеніне 95 жыл. Мерейтой қарсаңында Алматыда «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш пен көркем сөз шеберінің ғұмырын таныстыратын көрме өтті. Алқалы жиынға әдебиет сүйер қауым мен ақынның туыстары қатысты. Заңғар тұлғаны көзі көріп, замандас болғандар жылы естеліктерімен бөлісіп, шығармашылық мұрасын баяндады. Шараға жиналғандар лириктің шығармашылығын кеңінен танытып, ақын өлеңдерінің маңызын насихаттау келер ұрпақ алдындағы маңызды меже екенін тілге тиек етті
Бақыт Беделхан, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері:
Қара өлеңді өз биігіне жеткізіп кеткен Мұқағали әр қазақтың жүрегінде оқылып тұрса, біздің ұлт болып қалыптасуымызға, ұйысуымызға, жұдырықтай жұмылуымызға, идеологиялық тұрғыдан үлкен әсер ететін, ықпал ететін күш. Және рухани байытатын нәрсе.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02