Қатар астанасы Дохада Қазақстанның мәдениет күндері өтуде
Қатар астанасы Дохада Қазақстанның мәдениет күндері өтіп жатыр. Елдің бай мұрасы мен құндылықтарын шетелде әйгілейтін шара қала тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын туғызды. Ауқымды бағдарламаның екінші күні де «Дарб Әл Саи» тарихи кешенінде өтті. Сахнада қазақстандық музыканттар ән шырқап, өнер көрсетті. Халық әндері мен заманауи шығармалар орындалды. Қазақтың қолөнер көрмелері жұртты қызықтырды. Қолөнер бұйымдары, томағалы бүркіттер, құмай тазы және қазаққа тән киім үлгілері дохалықтардың ерекше назарын аударды.
Халед Салах Әл-Балууши, Доха тұрғыны:
Қазақстан жайлы көбірек білу үшін осында келдік. Елдің мәдениетімен жақынырақ танысу, халқымен жүздесу біз үшін өте әсерлі болды. Дәстүрін көріп, кейбір ұқсастықтарды байқадық. Мәселен, біз де сіздер секілді саятшылық құрамыз. Бұл елді жақынырақ тануға берілген тамаша мүмкіндік деп ойлаймын.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17