Оңтүстікте бәйшешек гүлдеді
Еліміздің өзге өңірлерінде қыс әлі қытымыр мінезін танытып жатса да, Оңтүстікте көктемнің алғашқы жаршысы – нәзік бәйшешек бүр жарды. Биыл ақпан кірмей-ақ қар еріп, күннің жылы шуағы гүлдің ерте ашылуына ықпал етті. Қызыл кітапқа енгізілген сирек өскін Шымкенттің іргесіндегі елді мекендерде жайқалып гүлдеді. Сондай-ақ қаладан оңтүстікке қарай бағыт алатын күре жол бойы да алғашқы көктем гүлдерімен құлпыра бастады.
Шәкір Сатанұлы, Шымкент тұрғыны:
Бәйшешек биыл ерте шықты. Кеше, алдыңғы күндері жаңбыр жауып еді. Кеше күн қатты ысып еді, мінекей бәйшешек бұрқ етіп, қозықұйрыққа ұқсап шыға келді. Бұл күн екі-үш күн жылынса, бұл о-о бір қарысқа дейін көтеріліп кетеді.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02