«Ауыл» партиясы жаңа Конституция жобасын қолдайды
«Ауыл» партиясы Конституциялық реформаны еліміздің даму бағытын айқындайтын тарихи қадам деп бағалады. Партия мүшелері бүгінде жаңа Ата заң жобасын өңір-өңірде түсіндіру жұмыстарымен айналысып жүр. Бүгін Қызылорда қаласында осы бағыттағы арнайы кеңейтілген отырыс өтті. Партия төрағасының орынбасары Қуаныш Сейтжановтың сөзінше, бұл құжат – тек құқықтық нормаларды жаңарту емес, мемлекеттің болашақ дамуына серпін беретін тарихи маңызы бар бастама. Ұсынылып отырған жоба азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын күшейтуге, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға, жергілікті басқару мен халықтың шешім қабылдау процесіне қатысуын арттыруға бағытталған.
Қуаныш Сейтжанов, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары:
Филиалдар активімен өңірлік филиалдардың саяси кеңестерінде талқыланып жатыр. Осы жерлерденде белгілі ұсыныстар болса, орталыққа жеткізіледі. Партияның негізгі позициясы қазіргі ұсынылып жатқан нұсқадағы жаңа Конституция жобасының басты бағыттарына қолдау көрсету.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседіі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00