Н.Нәлібаев: Конституцияның жаңа жобасындағы экологиялық нормалардың маңызы зор
Конституцияның жаңа жобасында экологияның қауіпсіздік мәселелеріне ерекше мән берілген. Бұл нормалардың маңызы зор. Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев осылай деді. Оның айтуынша, Ата заңның жаңа нұсқасында қоршаған ортаны қорғауға басымдық берілген. Өңір басшысы Аралды құтқару барша адамзат үшін әлі де өте өзекті міндет екенін еске салды. Ол Конституция жобасында су мен жер ресурстарын тиімді пайдалануға, әлеуметтік қорғау шараларына және экологиялық жағдайды жақсартуға айрықша көңіл бөлінгенін атап өтті.
Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда облысының әкімі:
Арал теңізінің тағдыры – ауыр сабақ. Оның салдарын бүгінге дейін сезініп келеміз. Маңызды құжатта әсіресе экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне айрықша мән берілген. Қызылорда облысы үшін бұл нормалардың маңызы өте зор. Бұл біздің өңір үшін тек жалпылама айтылған ұранды сөз емес, болашақ үшін маңызды айрықша құқықтық кепіл болып отыр.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17