XXV қысқы Олимпиада ойындары басталды
Кеше Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындары ресми басталды. Олимпиада алауы Милан қаласындағы Бейбітшілік қақпасы және Кортина қаласындағы Дибона алаңында бір уақытта тұтанды. Салтанатты шараның куәгері болған әріптесім Азамат Бейбітұлы тікелей байланысқа шыққалы тұр.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Ең бірінші шаңғы жарысы болды. Спортшы қыздар 10 шақырымды классикалық стильде, кейін дәл сондай қашықтықты еркін стильде өтті. Скиатлонда Қазақстан атынан екі спортшы — Ксения Шалыгина мен Надежда Степашкина өнер көрсеткен еді. Өкінішке қарай, екеуі де көшбасшыдан бір айналымға қалып қойғандықтан, қашықтықтан шығарылды. Степашкина 60-ыншы , ал Шалыгина 53-орынға тұрақтады. Ал, кешегі салтанатты ашылу рәсіміне келетін болсақ. Қазақстан және Қазспорт телеарналарынан тамашалаған көрермендер біледі, өте кең ауқымда, мән-маңынасы үйлескен шоу-бағдарлама болды. Қазақстан делегациясы алаңға 44-ші болып кірді, еліміздің көк байрағын шорт-трекші Денис Никиша және фристайлшы Аяулым Әмренова биік көтеріп жүрді. Сол шара барысынан таспалаған материалды режиссерлер ұсынса.
Біз қазір Миландағы коньки тебуге арналған стадионында тұрмыз. Мұнда спортшыларымыз Надежда Морозова мен Елизавета Голубева конькимен 3000 метр қашықтыққа жүгіруге қатысады. Оларға сәттілік тілейміз және жанкүер боламыз.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03