ШҚО шалғай ауылда медорталық ашылды
Шығыстағы Тройницко ауылында медициналық орталық ашылды. Ұлан ауданына қарасты бұл шағын елді мекендегі медициналық пункт 20 жыл бұрын жабылып қалған. Бүгінге дейін тұрғындар бұрынғы аудан орталығы – Тавриядағы ауруханаға қаралып келді. Сондықтан халық ауылда медициналық мекеме ашу жөнінде аудан, облыс басшылығына үздіксіз өтініш білдіріп келді. Нәтижесінде Ұлан аудан әкімдігі тұрғындардың сұранысына сәйкес медициналық орталық салды. Қажетті құрал-жабдықпен де толық қамтыды. Облыс орталығынан алыс жатқан шағын ауылдағы 30-ға жуық түтінде қазір 100-ден аса тұрғын бар. Дегенмен халыққа қажет әлеуметтік нысандар жұмыс істеп тұр.
Зәбиға Жұмағалиқызы, Тройницкое ауылының тұрғыны:
2009 жылдан бастап, фельдшерлік акушерлік пункт жабылып қалған. Оның орны да қалған жоқ. Сондықтан ауырсақ, Каменкаға барамыз. Кей кезде жол болады. Кей кезде жол болған жоқ. Жас босанатын келіншектер бар. Жас босанған балалар бар. Солар үшін өте жақсы болды.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17