Ақтөбе облысында үш өрт сөндіру бөлімі ашылды
Ақтөбе облысында бір күнде үш өрт сөндіру бөлімі ашылды. Жаңа нысандар Байғанин, Мәртөк және Хромтау аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді.
Байғаниндік өрт сөндірушілер бұған дейін 1968 жылы салынған, апатты жағдайда
тұрған ғимаратта жұмыс істеп келген еді. Жаңа депо мамандардың жұмыс жағдайын
түбегейлі өзгертті. Мұнда техникаға арналған гараждар, асхана, оқу сыныптары,
қойма мен демалыс бөлмелері бар. Дәл осындай кешен Мәртөк ауданының орталығынан
да ашылды. Қызметкерлер 30 мыңға жуық адам тұратын 13 ауылдық округ пен 32 елді
мекендегі өрт қауіпсіздігіне жауап береді. Ал Хромтау қаласындағы бөлім күрделі
жөндеуден өтті. Өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Төтенше жағдайлар министрі
мамандарға 21 арнайы техниканың кілтін табыс етті.
Айбат Жаңабергенов, облыстық ТЖД бастығының бірінші
орынбасары:
Жүзу құралдары, қайықтар және де гидроцикл техникалары беріліп отыр. Бұл өз кезегінде біздің Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің авариялық құтқару қызметтері жұмыстарын жеделдетуге және іс әрекетін жақсартуға өз көмегін тигізеді.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17