Атырау облысының Қамысқала ауылына мал азығы жеткізілді
Атырау облысы Исатай ауданындағы Қамысқала ауылдық округіне 39 тонна мал азығы жеткізілді. Өткен аптада, нөсер жауын қарға ұласып, жердің беті мұздақ болып қатып қалған еді. Түзде жайылған 50-ден астам жылқы жем-шөптің тапшылығынан қырылып қалды. Осы оқиғадан кейін жергілікті әкімдік кәсіпкерлермен келісіп, кеше Батыс Қазақстан облысынан жем жеткізді.
Қалидолда Қадыров, Қамысқала ауылдық округінің тұрғыны:
Биылғы қыс қинап жіберді. Әсіресе жылқы малына қиын. Енді алға қарай осы іс жалғасса. Біз базардан, қолдан 18 кг кебекті 2600-ден алып отыр едік. Мынау халыққа үлкен көмек болып жатыр.
Тұщықұдық және Аққыстау ауылдарына да
мал азығы жеткізілмек. Жалпы бидай жемінің 1 келісі нарықта 120-130
теңгеден саудаланады. Ал қазір шаруалар
үшін 104
теңгеден беріліп жатыр.
Округ аумағында 70 шаруа қожалығы, 204 жеке шаруашылық бар.
Рафиғат Тәжіденова, Қамысқала
ауылдық округінің әкімі:
Шаруа қожалықтарына малының санына қарай 20 қаптан, бұл әзірге, жеке шаруашылықтарға қолдарындағы малдарына қарай 5-10 қаптың аралығында әрқайсысы 25 кг тартатын тартылған бидайды 2600 теңгеден беріп жатырмыз. Өзінің құнымен берілуде, тасымал ешқандай қосып жатқан жоқпыз.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27