Волонтерлік қызметті конституциялық деңгейде бекітуді ұсынды
Волонтерлік қызмет ата заңда бекітілуі мүмкін. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның 10-отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты. Ол азаматтар мен ұйымдардан, ғалымдар мен заңгерлер қауымдастығынан бірқатар ұсыныс келіп түскенін жеткізді. Соған байланысты жобаға жаңа нормалар қосымша қарастырылған. Бақыт Нұрмұхановтың сөзінше, комиссия қарауына волонтерлік қызметті конституциялық деңгейде бекіту туралы ұсыныстар түскен. «Волонтерлік қызмет туралы» Заңды және азаматтардың ақысыз, ерікті көмегінің мұқтаж адамдарға қажеттігін, қоршаған ортаны қорғаудағы маңызын ескер отырып, бұл ұсыныс қолдау тапты деді ол.
Бақыт Нұрмұханов, Конституциялық сот төрағасының орынбасары:
Жобаның 31-бабының 2-тармағына «Қазақстан Республикасында ерікті әлеуметтік сақтандыру, өзге де қамсыздандыру түрлері, волонтерлік қызмет пен қайырылымдылық қолдау табады» деген толықтыру енгізілді. Бастамашылырдың пікірінше, бұл идея жобаның басқа ережелерін, әсіресе Преамбуланы және Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын қисынды түрде толықтырады. Олардың қатарына жауапты әрі жасампаздық, отаншылдық идеясын ілгерілету, қоғамдық диалогты дамыту, еңбексүйгіштік құндылықтарын бекіту, жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру және басқалары бар.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 20:01
Алматыда емхананы ауыстыру талаптары жеңілдетілді
15.09.2026, 19:53
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28