Ірі қараны тәркілеу – жалған ақпарат
Ірі қара малды тәркілеу туралы әлеуметтік желіде таралған
бейнематериалдардың Қазақстанға қатысы жоқ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі
айтты. Елде төрт түлікті тәркілеу не мәжбүрлі түрде жою – заңсыз. Оған тек
аймақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шешімі
негізінде рұқсат етіледі. Жергілікті атқарушы органдар да тиісті шешімді
қабылдай алады.
Қазбек Ташимов, АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау
комитетінің төрағасы:
Мұндай іс-шаралар туындаған жағдайда тек эпизотиялық отряд жүзеге асырады. Тек ресми мәліметке сенуді және халық арасында негізсіз алаңдатушылық тудыратын ақпаратты таратпауға шақырамыз.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17