Ақмола облысында ₸1 трлн инвестиция жобалары мақұлданды
Ақмола облысында жалпы құны 1 трлн теңгеге 6 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Өндіріс ошақтарында 5 мыңға жуық адам еңбек етеді. Аталған жобалардың бір бөлігі агросекторға бағытталса, қалғаны құрылыс пен өнеркәсіп саласына қатысты. Республикалық маңызы бар Aqmola индустриалды аймағында жалпы құны 2 трлн теңгеден асатын инвестициялық жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Елордада осындай іргелі істерді сүйемелейтін «Aqmola Invest» өңірлік инвестиция орталығының фронт-офисі ашылды. Орталық «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Яғни инвесторларға кеңес беріп, компанияны тіркеуге, жер телімдерін таңдауға жәрдемдеседі.
Нұркен Мұхаметқалиев, «Aqmola
Invest» өңірлік инвестиция орталығының директоры:
Астанада шетелдік ірі инвесторларға ыңғайлы бір терезеден өзіне қажетті құжаттарын 1 апта 10 күн ішінде комиссияға дайындап, Көкшетауға жіберуге мүмкіндік бар. Бүгінгі таңда инвесторлардың осы жерге келіп, тіркеліп, бізге өте қолайлы. Себебі олардың бүкіл салықтары осы облыста қалады.
Мағжан Қыстаубаев, кәсіпкер:
Осы Ақмола инвесттің арқасында белгілі мекемелер ол, банктер болсын, туризмге қатысты салалар болсын, болмаса, техникалық талаптарға байланысты ол бойынша сұрақтар болған. Соның барлығын орталықтандырылған түрде сұрақтарымызды шешіп отырмыз.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17