Атырау облысында ірі қарадан жұқпалы ауру анықталды
Атырау облысында ірі қара малдың арасында жұқпалы ауру тарады. Мамандар инфекциялық ринотрахеит екенін анықтады. Бірнеше елді мекенде карантин жарияланып, бақылау күшейді. Өңірдегі ахуалды әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіттен білейік.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Індет Құрманғазы ауданында өршіп тұр. Жұқпалы инфекция Дыңғызыл, Бөкейхан, Еңбекші және Құрманғазы ауылдық округтерінде тіркелген. Аталған аумақтардан малды сыртқа шығаруға уақытша тыйым салынды. Қазіргі таңда 1407 бас малдың 1020-сы сауығып үлгерген. Қалғанына әлі ем жүргізіліп, сау малға екпе салынып жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл ауру тек жануарлар арасында таралады. Адамға жұғуы өте сирек. Әзірге ондай жағдайлар тіркелген жоқ. Соңғы ақпарға сәйкес, Құрманғазымен көршілес Исатай ауданындағы Зинеден ауылында да 70-ке тарта сиыр ауырып тұр. Шектеулер мал түгел сауығып, ветеринариялық шаралар аяқталған соң 30 күннен кейін ғана алынады дейді мамандар.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27