БҚО-да алпыс жылқы арам өлді
Батыс Қазақстан облысы Казталов және Жаңақала аудандарында жылқылар тебіндей алмай, аштықтан құлап жатыр.
Казталов аудандық қоғамдық кеңес мүшесі, шаруашылық иесі Нұрболат Әдиетовтің
хабарлауынша, Бостандық, Көктерек, Қарасу ауылдық округтерінде 60-тан астам
жылқы далада тебінге шөп таба алмай, өлген. Шаруа былтырғы
қуаңшылықтың салдары малға қиын тиіп жатқанын айтады. Оның үстіне қар қалың әрі
мұздақ жауып, малдың тілерсегі қиылған. Іш тастап, мұзға құлаған. Ал Жаңақала
аудандық ветеринарлар 21 бас жылқының өлгенін растады. Қызылоба, Пятимар,
Жаңақала ауылдық округтерінде өлген малдың көзі
жойылып, акт жасалған. Аса қауіпті ауру белгілері тіркелмеген.
Нұрқайыр Құсайынов, облыстық Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:
Жаңақала ауданында 21 жылқының өлгені туралы мал иелері хабарлаған. Бұл жылқылар негізінен далада жайылымда жүрген. Көтеремдіктен, аштықтан өлгендігі анықталған. Ветеринария туралы заңына сәйкес, мал иелері өздерінің алынған төлдері туралы тіркеуге қою туралы немесе өлген малдар туралы хабарлауға міндетті.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03