Өзбекстан қазақтары: «Ақындар – асыл мұрамыз»
«Ақындар – асыл мұрамыз». Өзбекстанда осындай атаумен әдеби шара болып өтті. Көрші елде тұратын қандастарымыз ұйымдастырған жыр кеші қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орайластырылған. Сондай-ақ түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл Әлішер Науаидің 585 жылдық мерейтойы мен жергілікті ақын-жазушы Мекембай Омаровтың шығармашылығына арналды.
Әдебиетке құштар, шығармашылыққа жақын өрендер бұл кеште Мұқағалидың өлеңдерін
жатқа оқып, Науаидің ғазалдарын орындады. Саналы ғұмырын Қазақстан мен
Өзбекстан арасындағы рухани байланысты нығайтуға арнаған Мекембай Омаровты еске
алып, жырларымен сусындады.
Әйгерім Нұрманова,
оқушы:
Қазақ сыныбында оқимыз. Мұхтар Әуезов, Абай Құнанбаев шығармаларын сабақта өтеміз. Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жаттаймыз.
Гүлайым
Өмірзақова,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Оқушыларымыз ақын-жазушылардың өлең жырларын оқып, жаттап, әдемілеп айтып береді. Сүйіп жаттайды.
Мұқағали
поэзиясы қазақ әдебиетінің жүрек үні іспетті, өлеңді тағдырмен сөйлеткен ұлы
тұлға дейді жырсүйер қауым. Жас өнерпаздар әр ғасырда өмір сүрген үш буын өкілі
саналатын шайырларды құрметтеу парызымыз дейді.
Дамир
Қалдыбаев,
Ташкент облыстық қазақ ұлттық-мәдени орталығының төрағасы:
Біздің келешегіміз - жастар, сондықтан барынша тәрбие беріп, шыңдап, жақсы азамат болып жетіле берсін. Қазақстан мен Өзбекстанның достығы жылдан жылға нығайып келеді.
Өзбекстанда
қазақ қаламгерлерінің шығармашылық ортасы қалыптасқан. Олар төл әдебиетіміздің
дамуына үлес қосып келеді. Өткен жылы 20 ақын-жазушының кітабы жарық көріп,
елдегі қазақ мектептеріне тегін таратылған.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03