Президент азаматтардың табысын ұлғайтуды тапсырды
Мемлекет басшысы таяуда тағайындалған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады. Ол ведомство қызметінің биылға жоспарлаған негізгі басым бағыттары жөнінде баяндады. Халықты жұмыспен қамту аясында уақытша шаралардан гөрі тұрақты әрі сапалы жұмыс орындарын құруға басымдық берілмек. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін одан әрі жетілдіру көзделіп отыр. Мемлекет басшысы министрге бірқатар тапсырма жүктеді.
Асқарбек Ертаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамту, азаматтардың табысын ұлғайту, әлеуметтік қолдаудың шын мұқтаж жандарға жетуін бақылауды күшейту, зейнетақы жүйесін жетілдіру, теңгерімді көші-қон саясатын іске асыру, әлеуметтік қорғауда инклюзивті тәсілдерді дамыту, сондай-ақ цифрлық шешімдерді қолдану арқылы еңбекті қорғау жүйесін нығайту және қауіп-қатерлердің алдын алу бойынша бірқатар тапсырма берді.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 20:01
Алматыда емхананы ауыстыру талаптары жеңілдетілді
15.09.2026, 19:53
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28