Қонаев қаласында қатты жел соғып, ғимараттардың шатыры ұшты
Қонаев қаласына қатты желден келген шығын есептеліп жатыр. 8 ақпаннан 9 ақпанға қараған түні желдің жылдамдығы секундына 27 метрге дейін жеткен. Салдарынан жеңіл конструкциялар зақымдалып, ағаштар құлады. Бірнеше шағын ауданда жарық сөнген. Қазір қалпына келтірілген, дейді қала әкімдігі. Қазір қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген режимге көшті. Ал мектеп оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді. Қала әкімдігі тұрғындарды сабыр сақтауға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.
Ақерке Жұмағазықызы, қала әкімдігінің баспасөз хатшысы:
Қазіргі таңда барлық ақауларды қалпына келтіру бойынша жұмыстар атқарылуда. Келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр. Көптеген көліктерге, 8 ғой деймін, қателеспесем, соларға зақым келген болатын. Ол бойынша сақтандыру компанияларымен қала басшылығы келіссөздер жүргізіледі. Яғни толық құнын өтеп беру бойынша.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02