М.Мақатаев: Мен – XXI ғасыр ұрпақтарының құрдасымын
«Мен XXI ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да…» Бұл – ақын Мұқағали Мақатаевтың өз сөзі. Расында да, оның жыры бір дәуірдің ғана емес, бірнеше буынның жүрегіне жол тапқан мәңгілік мұраға айналды. Бүгін қара өлеңді қасиет тұтқан ақынның туғанына – 95 жыл толды.
Бүгін қазақ поэзиясының ақиығы, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған ақынның туған күні. Ал өмірден өткеніне тура жарты ғасыр толды. Көзі тірісінде-ақ «менің өлеңдерім менімен бірге өлмейді» деген Мұқағали өз жырымен бірге жасайтын тағдыр иесі екенін уақыттың өзі дәлелдеді.
Ұлықбек Есдәулет, ақын, Түрксой жазушылар одағының төрағасы:
Мұқағали - бақытты ақын. Бүкіл дүниенің даңқын жинап алды деуге болады. Өз ғасырынан озып кетті деуге болады. ХХ ғасырда туғанымен, ХХІ ғасырдың да үлкен ақыны. Бұл ғасырлардың ғасырларға кеткен ақын.Ақын жыры – уақыттың шекарасын мойындамайтын рухани кеңістік. Кеше ғана жазылғандай әсер қалдыратын қарапайым өлең жолдары оқырманның жүрегінен ойып тұрып орын алды.
Бауыржан Жақып, ақын, aилология ғылымдарының докторы:
Өмірде қуаныш та бар, қайғы да бар. Сағыныш та бар. Жақсылық та бар. Жамандық та бар. Осының барлығын өлеңге өте бір қарапайым қара өлең ырғағымен, қара өлең нұсқасымен қалдырып кеткен ғой Мұқаң. Шынайылығында, ешқандай боямасыз өмірді поэзияға түсіріп кеткендігінде деп ойлаймын.Мұқағали – поэзия арқылы халықтың жан дүниесін сөйлеткен ақын. Оның жырлары әр буынның өз шындығын табатын рухани мекенге айналды. Сол себепті ақын есімі де, қара өлеңі де – ұрпақтар арасын жалғаған мәңгілік рухани көпір болып қала бермек.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
Алтын Орда Еуразия шежіресін жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді - сарапшылар
19.05.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
19.05.2026, 20:05