Қысқы Олимпиадада бүгін қандай жарыс түрлері өтті?
Бүгін Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарының үшінші күні. Дегенмен қазақстандық спортшылар әлі жарыс жолына шыққан жоқ. Қашан шығады? Бұл туралы әріптесім Азамат Бейбітұлы айтады.
Бүгін қысқы Олимпиада ойындарының үшінші жарыс күні болып жатыр. Қазақстандық спортшылар екі спорт түрінен жарыс жолына шығады. Астана уақытымен 21:25-те конькимен жүгіруден жарыс басталады. Онда Надежда Морозова, Елизавета Голубева және Кристина Силаева мың метр қашықтықта бақ сынайды. Бұдан бөлек, шаңғымен тұғырдан секіру бойынша ерлер арасында іріктеу бәсекесі болады. Оған спортшыларымыз Илья Мизерных пен Данил Васильев қатысады.
Ал ертеңгі жарыстардың арасында шорт-трек бар екенін білеміз. Соған орай, Ұлттық құраманың шорт трек спорты бойынша кеңесшісі, жаттықтырушы Мәдіғали ағамыздан сұхбат жазған едік.
Мәдіғали Қарсыбеков, шорт-тректен Ұлттық құраманың кеңесші-жаттықтырушысы:
Қазір Қазақстанның шорт-трегі жоғары деңгейге шықты. Осы Қазақстанда 11 қалада дамып жатыр. Бапкерлердің саны 50-ден асты. «Қазір Абзалдың арқасында Қазақстан чемпионатында Қазақстан жарыстарында шорт-тректен 80%-ы қазақтар». Тек қана Астана емес, бүкіл Қазақстанда. Қазір өз командамызға сәттілік. Олимпиаданың медалін ғана күтіп отырмыз.Иә, спикеріміз айтқанбай біз қазір тек медаль күтіп отырмыз. Бүгінгі жарыста да үміт бар. Өйткені үш мың метрде Надежда Морозова 6-орын алған еді. Бүгін мың метрде медаль олжалайды деп сенеміз. «Qazsport» телеарнасынан жарысты бірге тамашалайық.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06