Ата заң – жаңару мен тұрақтылық негізі
Жаңа Конституция
жобасы қоғамдағы өзгерістерге сай жаңарып, елдің тұрақты дамуына негіз болуды
көздейді. Мұндай тың бастама әлеуметтік әділеттілік пен құқықтық тәртіпті
нығайтуға бағытталған. Нәтижесінде бұл жоба елдің саяси-әлеуметтік дамуына жаңа
мүмкіндік ашып, азаматтардың құқығын қорғауды күшейтеді дейді тұрғындар.
Сауалнама:
- Әлем цифрландыру жасанды интеллектінің дамуымен қатар мемлекетте дамып келе жатыр бірақ оның жақсы жағы да бар, жаман жағы да бар. Сол Конституцияда сол цифрландырудың әртүрлі ықпалдарынан қарапайым адамдарын, ҚР азаматтарын қорғау жолдары да айтылған.- Конституция жобасын қарап шықтым. Адам құқығын қорғауға көп мән берген. Дегенмен де менің елім, менің жерім деген азамат бейжай қарамау керек деп есептеймін. Сондықтан да менің төлқұжатым деп білемін.- Меніңше, бір палаталы парламент құрудың саяси мән-мағынасы зор деп есептеймін. Себебі заңның тез қабылдануына әсер етеді. Бұрынғыдай ұзақ талқыға түспейді. Заң мен тәртіпке бағынған мемлекетіміздің сапалы заңдарды туындауына негізгі әсер етеді.- Жаңа Конституция жобасында экологиялық қауіпсіздік мәселесі де жаңа деңгейге көтеріліп жатқанын естідім. Бұл өз кезегінде тұрғындардың жауапкершілікті артырады. Тек қана қоршаған ортаны емес, адамдардың яғни денсаулығы және мүддесін қорғауға жол ашады. Заман талабына сай. Әрі қарай заңмен қадағаланады деп есептеймін.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықаралық цирк фестивалінің жеңімпаздары анықталды
27.07.2026, 17:09
Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа келді
27.07.2026, 17:08
Ғылымды дамытуға арналған кешенді жоспар жобасы таныстырылды
27.07.2026, 17:05
Ел жаңалықтарына шолу
27.07.2026, 17:04
Жарқайың ауданында ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 50 млрд теңгеден асты
27.07.2026, 17:02
Токиодан бөлек, тағы бір астана құрылмақ
27.07.2026, 17:01
Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды
27.07.2026, 17:01
Нью-Йорктегі өрттен 21 адам зардап шекті
27.07.2026, 17:00