БҚО-да 263 бас сиыр белгісіз ауруға шалдыққан
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданына қарасты Шабдаржап ауылында 263 бас ірі қараның белгісіз ауруға шалдыққаны анықталды. Індет жұққан малдан биологиялық сынама алынып, зертханаға жіберілген. Ауырған малдың сілекейі көпіріп, ауыз қуысында бөртпе пайда болып, күйіс қайырмайды. Қазір ветеринарлар тиісті ем-дом жасап, ауру малды тіркеп жатыр. Ауданда 4 бригада жұмыс істеуде. Сондай-ақ Алмалы ауылында 12 бастан белгісіз ауру табылды. Мал дәрігерлері бұл дерттің стоматит не ринотрахеит болуы мүмкін екендігін айтады. Әзірге сынама қорытындысы шыққан жоқ.
Нұрхайыр Құсайынов,
облыстық Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:
Әзірге тиісті биологиялық материалдар алынып, зертханаға жолданды. Қазіргі уақытта зертханалық тексеру нәтижесі шықпай, аусыл не басқа ауру деп айтуға негіз жоқ. Ауру малға Ақжайық аудандық ветеринарлық стансасы емдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, антибиотик егіп. Зертханалық тексеру нәтижелері бір жетінің төңірегінде белгілі болуы керек.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04