Петропавлда Конституция жобасы талқыланды
Жаңа Конституция Қазақстанның дамуына қалай ықпал етеді? Петропавлда өткен форумда сарапшылар осы сауал төңірегіндегі ойларын ортаға салды.
«Жаңа Конституция – тұрақты даму негізі» тақырыбында өткен жиынды «Ауыл» партиясы ұйымдастырды. Форумға қатысушылар еліміздің басты құжатының жобасын жан-жақты талқылады. Сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері сөз болды. Шараға сарапшылар, мемлекеттік органдардың өкілдері, заңгерлер, қоғам белсенділері қатысты. Мұндай форум басқа өңірлерде де өткізілмек. Ұйымдастырушылар бастаманы тиімді жүзеге асуы үшін қоғаммен кері байланысты күшейту маңызды екенін атап өтті.
Ғалымжан Құсманғали, Ауыл партиясы төрағасының орынбасары:
Халықтан түксен 2 мыңға жуық ұсыныс бар. Әртүрлі саяси партиялардан, сарапшылардан түскен ұсыныстардың барлығы бүгінгі таңда Конституцияның 70 пайыздан астам мәтінін өзгертуге әкеле жатыр. Күтетін нәтижелер туралы пікір алмасу – бүгінгі шараның басты мақсаты.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02